Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 42 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 желтоқсанда № 4423 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 28.01.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 13 қазандағы № 11-11/285 ұсынысы негізінде, Архангельск ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы. ШЕШТІ:

      1.Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округінің Архангельское ауылында "Ер Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бруцеллез аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімінің
міндетін атқарушысы
И. Рыбакова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады