Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 29 қаңтарындағы № 01-11/04 ұсынысы негізінде, Архангельск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округінің Архангельское ауылында бруцеллез ауру ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Архангельск ауылдық округі әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 04 шілдедегі № 21 (2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4828 болып тіркелген);
2) ""Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 4 шілдедегі № 21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 18 шілдедегі № 22 (2018 жылғы 02 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4845 болып тіркелген).
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Архангельск ауылдық округінің әкімі |
И. Рыбакова |