Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 13 маусымдағы № 01-11/58 ұсынысы негізінде, Архангельск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округінің Новокаменка ауылында "Карасев и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және "Широкое" шаруашылық қожалығының аумақтарында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауру ошағының жойылуына байланысты шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Архангельск ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 12 наурыздағы № 12 шешімінің (2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5250 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Архангельск ауылдық округінің әкімі |
И. Рыбакова |