Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 32 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 шілдеде № 5476 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 13 маусымдағы № 01-11/58 ұсынысы негізінде, Архангельск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округінің Новокаменка ауылында "Карасев и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және "Широкое" шаруашылық қожалығының аумақтарында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауру ошағының жойылуына байланысты шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.

      2. Архангельск ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 12 наурыздағы № 12 шешімінің (2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5250 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Архангельск ауылдық
округінің әкімі
И. Рыбакова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады