Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 – бабының 8) тармақшасына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 4 ұсынысы негізінде Қарақоға ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округінің Қарақоға, Образец ауылындары аумақтарында орналасқан "ЖНВ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және "Жигалова "Карагугинское" шаруашылық фермерлік қожалығының аумағында ірі қара мал бруцеллезіне іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарақоға ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын енгізуімен байланысты ветеринариялық тәртібін белгілеу туралы" 2017 жылғы 4 тамыздағы № 11 (2017 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4285 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарақоға ауылдық округінің әкімі |
А. Жорова |