Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 ақпанда № 5227 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 – бабының 8) тармақшасына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 4 ұсынысы негізінде Қарақоға ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округінің Қарақоға, Образец ауылындары аумақтарында орналасқан "ЖНВ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және "Жигалова "Карагугинское" шаруашылық фермерлік қожалығының аумағында ірі қара мал бруцеллезіне іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарақоға ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын енгізуімен байланысты ветеринариялық тәртібін белгілеу туралы" 2017 жылғы 4 тамыздағы № 11 (2017 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4285 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарақоға ауылдық
округінің әкімі
А. Жорова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады