Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 15 қаулысына ("Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 ақпанында жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3109 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Солтүстік Қазақстан
облысының полиция
департаменті Мамлют
ауданының полиция
бөлімінің бастығы
__________ С.Әлжанов
"____" __________ 2019 ж.
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау қағидасы
Осы Қағида қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарастырады.
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды мадақтау туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Мамлют ауданының полиция бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Мамлют ауданының ПБ) енгiзедi.
3. Комиссия қабылдайтын шешiм мадақтау үшiн негiз болып табылады.
4. Мадақтау түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отырып, Комиссия белгiлейдi.
5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Мамлют ауданының ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.
6. Мамлют ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзіледi.
7. Мадақтауды төлеуге қаражат "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті" мемлекеттік мекемесі 252 003 "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттiк бағдарламасымен облыстық бюджеттен көзделедi.
8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақыны, бағалы сыйлықтарды беру Мамлют ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.