Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 15 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 ақпанда N 3109 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлері мен мөлшерлері осы қаулыға қосымшаға сәйкес анықталсын.

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың қоса берілген қағидасы бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Д.А. Могуноваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Бекшенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Ішкі істер департаменті

      Мамлют ауданының

      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      2015 жылғы 14 қаңтар

      Ғ. Байжанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 15 қаулысына қосымша

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлерi мен мөлшерлерi

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.

      2. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

      3. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.


  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң
  2015 жылғы 14 қаңтардағы
  № 15 қаулысымен бекітілген

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы əкімдігінің 29.07.2019 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Қағида қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарастырады.

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды мадақтау туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Мамлют ауданының полиция бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Мамлют ауданының ПБ) енгiзедi.

      3. Комиссия қабылдайтын шешiм мадақтау үшiн негiз болып табылады.

      4. Мадақтау түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отырып, Комиссия белгiлейдi.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Мамлют ауданының ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Мамлют ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзіледi.

      7. Мадақтауды төлеуге қаражат "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті" мемлекеттік мекемесі 252 003 "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттiк бағдарламасымен облыстық бюджеттен көзделедi.

      8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақыны, бағалы сыйлықтарды беру Мамлют ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады