Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 25.11.2021 № 13/4 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 12/2 шешіміне (2017 жылғы 9 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4043 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеп алу "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен тиісті оқу жылының ішінде жүргізіледі;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
С.Шәріпов |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының хатшысы |
Р. Нұрмұқанова |