Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабы 1, 2-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 3-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің "Тайынша ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 44 шешіміне (2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5098 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 қосымшаның 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
"сайлау учаскесінің орналасқан орны: Тайынша қаласы, Астана көшесі 165, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | И. Турков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
2019 жылғы "21" мамыр
___________К. Есләмова