Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 44 "Тайынша ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 24 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 мамырда № 5417 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабы 1, 2-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 3-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің "Тайынша ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 44 шешіміне (2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5098 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1 қосымшаның 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "сайлау учаскесінің орналасқан орны: Тайынша қаласы, Астана көшесі 165, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі И. Турков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Тайынша аудандық сайлау

      комиссиясының төрайымы

      2019 жылғы "21" мамыр

      ___________К. Есләмова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады