Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн - өзi басқару туралы" Заңының 31 – бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3 - бабы 2 – тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 937 қаулысына (2013 жылғы 08 ақпаннан "Тайынша таңы", 2013 жылғы 08 ақпаннан "Тайыншинские вести" аудандық газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2099 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 - қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | И. Турков |
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібі
Осы тәртіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін анықтайды.
1. Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуіне қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссиясымен қарастырылады (одан әрі – Комиссия).
2. Қоғамдық тәртіпті қорғауды белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты Комиссияға қарастыру үшін "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысы Полиция департаментiнің Тайынша ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Тайынша ауданының ПБ) енгізіледі.
3. Комиссиямен қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
4. Көтермелеудің түрі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көтермелеушімен қосқан үлесін ескере отырып, Комиссиямен белгіленеді.
5. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарды марапаттау Тайынша ауданының ПБ салтанатты түрде жүзеге асырылады.