Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 937 "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 329 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қыркүйекте № 5567 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн - өзi басқару туралы" Заңының 31 – бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3 - бабы 2 – тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 937 қаулысына (2013 жылғы 08 ақпаннан "Тайынша таңы", 2013 жылғы 08 ақпаннан "Тайыншинские вести" аудандық газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2099 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2 - қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі И. Турков

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылдың "12" қыркүйегіндегі № 329 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2012 жылдың "25" желтоқсанындағы № 937 қаулысына 2 - қосымша

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібі

      Осы тәртіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін анықтайды.

      1. Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуіне қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссиясымен қарастырылады (одан әрі – Комиссия).

      2. Қоғамдық тәртіпті қорғауды белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты Комиссияға қарастыру үшін "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысы Полиция департаментiнің Тайынша ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Тайынша ауданының ПБ) енгізіледі.

      3. Комиссиямен қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Көтермелеудің түрі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көтермелеушімен қосқан үлесін ескере отырып, Комиссиямен белгіленеді.

      5. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарды марапаттау Тайынша ауданының ПБ салтанатты түрде жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады