"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Летовочный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келесі көшелер қайта аталсын:
Летовочный ауылдық округі Летовочное ауылының:
"Коммунистическая" көшесі "Болашақ" көшесіне;
"Пролетарская" көшесі "Абылай хан" көшесіне;
"Октябрьская" көшесі "Достық" көшесіне;
Летовочный ауылдық округі Горькое ауылының:
"Ленин" көшесі "Бурабай" көшесіне;
Летовочный ауылдық округі Подлесное ауылының:
"Колхозная" көшесі "Жастар" көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | А. Молдиярова |