Көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Летовочный ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қаңтарда № 5207 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Летовочный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Келесі көшелер қайта аталсын:

      Летовочный ауылдық округі Летовочное ауылының:

      "Коммунистическая" көшесі "Болашақ" көшесіне;

      "Пролетарская" көшесі "Абылай хан" көшесіне;

      "Октябрьская" көшесі "Достық" көшесіне;

      Летовочный ауылдық округі Горькое ауылының:

      "Ленин" көшесі "Бурабай" көшесіне;

      Летовочный ауылдық округі Подлесное ауылының:

      "Колхозная" көшесі "Жастар" көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі А. Молдиярова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады