Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 15-12/194 ұсынуы негізінде, Дмитриев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округінің Дмитриевка ауылындағы "Керей" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруы ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Дмитриев ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 05 шілдедегі № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4831 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Т. Есләмов |