Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 шілдеде № 4831 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі әкімінің 23.01.2019 № 01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 15-12/100 ұсынуы негізінде, Дмитриев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округінің Дмитриевка ауылында "Керей" шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Т. Есләмов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады