Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 01 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қаңтарда № 5208 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 15-12/194 ұсынуы негізінде, Дмитриев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округінің Дмитриевка ауылындағы "Керей" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруы ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Дмитриев ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 05 шілдедегі № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4831 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Т. Есләмов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады