Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі əкімінің 18.12.2019 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының міндетін атқарушының 2019 жылғы 10 шілдедегі № 15-12/39 ұсынуы негізінде, Дмитриев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі Дмитриевка ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.