Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 11 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда № 5735 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 25 қарашадағы № 15-12/74 ұсынуы негізінде, Дмитриев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі Дмитриевка ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 26 шілдедегі № 5 шешімінің (2019 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5494 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Т. Ислямов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады