Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 25 қарашадағы № 15-12/74 ұсынуы негізінде, Дмитриев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі Дмитриевка ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 26 шілдедегі № 5 шешімінің (2019 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5494 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Т. Ислямов |