Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 18.03.2021 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген) бекітілген, мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2018 жылғы 6 сәуірдегі №73 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2018 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4673 болып тіркелген).
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет Департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілсін;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Оспанов |
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 сәуір №87 қаулысына қосымша |
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уəлиханов ауданы əкімдігінің 23.12.2019 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ р/н | Ұйымдар атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота пайызы | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Кішкенекөл №1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 68 | 2 % | 1 |
2 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Кішкенекөл №2 ішінара интернатты орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 70 | 2 % | 1 |