Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі №87 "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 286 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда № 5747 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 51 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 18.03.2021 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Заңының 37-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі №87 қаулысына (2019 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5299 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Уәлиханов ауданының әкімі М. Оспанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсаны № 286 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 сәуір №87 қаулысына қосымша

Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

№ р/н

Ұйымдар атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Кішкенекөл №1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

68

2 %

1

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Кішкенекөл №2 ішінара интернатты орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

70

2 %

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады