Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 73 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 сәуірде № 4673 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 87 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 02.04.2019 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 - бабының 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 Бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (2016 жылғы 28 шілдеде №14010 Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша жұмыс орындарынын квотасы белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар қабылдасын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркеуді;

      2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Оспанов

  Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 73 қаулысына қосымша

Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша жұмыс орындарынын квотасы белгіленген ұйымдар тізімі

№ р/н

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің саны

Квота мөлшері (қызметкерлердің саны %)

Жұмыс орындарының нақты квотасы

Жұмыс істейтін мүгедектер саны

Жұмыс орындарының саны

1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Чехов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

53

2

1

-

1

2

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Кішкенекөл №2 ішінара интернатты орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

109

3

3

2

1

3

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

63

2

1

-

1

4

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Жамбыл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

58

2

1

-

1

5

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Көбенсай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

2

1

-

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады