Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 19 наурыздағы №17-07/34 ұсынысы негізінде, Бидайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округінің Бидайық ауылында орналасқан "Пана" шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал бруцеллезіне шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Бидайық ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 22 ақпандағы №2 (2019 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5232 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бидайық ауылдық округінің әкімі |
Т. Күйшібаева |