Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 5319 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 19 наурыздағы №17-07/34 ұсынысы негізінде, Бидайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округінің Бидайық ауылында орналасқан "Пана" шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал бруцеллезіне шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Бидайық ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 22 ақпандағы №2 (2019 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5232 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бидайық ауылдық
округінің әкімі
Т. Күйшібаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады