Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 ақпанда № 5232 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің 10.04.2019 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 08 қаңтардағы № 17-07/02 ұсынысы негізінде, Бидайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округінің Бидайық ауылында "Пана" шаруашылық қожалығының аумағында ірі қара малына бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бидайық ауылдық
округінің әкімі
Т. Күйшібаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады