Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 24.05.2023 № 4-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 31 қазандағы № 6-2 "Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3683 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Емханалар | 1 келіп кету |
";
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Санаторийлер | 1 орын |
";
реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"
25 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын |
";
реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"
28 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын |
".
2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экология, ауылшаруашылығы, агроөнеркәсіп, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т. Майлыбаев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жылыой аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXV сессиясының төрағасы |
М. Кабиденов |
Жылыой аудандық мәслихатының хатшысы |
М. Кенғанов |