Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 31 қазандағы № 6-2 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 қарашада № 3683 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы № 4-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 24.05.2023 № 4-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10030 санымен тіркелді) сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экология, ауылшаруашылығы, агроөнеркәсіп, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т. Майлыбаев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
VІ сессиясының төрағасы
Х. Жамалов
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Кенғанов

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 31 қазандағы № 6-2 шешіміне қосымша

Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 16.05.2019 № 35-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылына 1 есептік бірлікке келетін м3 коммуналдық қалдықтарының жинақталу нормалары

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,7

2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,7

3

Мекемелер, ұйымдар, офистер

1 қызметкер

0,75

4

Жинақ банктері

1 қызметкер

0,7

5

Байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,0

6

Емханалар

1 келіп кету

0,1

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,65

8

Санаторийлер

1 орын

1,0

9

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,2

10

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,9

11

Интернаттар

1 орын

0,6

12

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,65

13

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1м2

1,2

14

Супермаркеттер

Сауда алаңы 1м2

0,5

15

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1м2

0,6

16

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары

1 машина-орын

0,42

17

Автожанармай құю станциялары

1 машина-орын

0,42

18

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,85

19

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,3

20

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары,тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1м2

0,23

21

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

0,04

22

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1м2

0,5

23

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1м2

0,4

24

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1м2

1,15

25

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,2

26

Қонақ үйлер

1 орын

0,8

27

Жатақханалар

1 орын

1,6

28

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,26

29

Спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,3

30

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1м2

0,5

31

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1м2

0,35

32

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1м2

0,02

33

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1м2

0,02


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады