Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 05.05.2023 № 21-VІIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 26 тамыздағы № 47-VI "Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3613 болып тіркелген, 2016 жылғы 07 қазандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
реттік нөмері 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 3,0 |
";
реттік нөмері 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 3,9 |
";
реттік нөмері 9-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 2,3 |
";
реттік нөмері 10-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,2 |
";
реттік нөмері 19-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"
19 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 4,04 |
".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мақат аудандық мәслихатының экология, ауылшаруашылығы және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Тәжібаев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХIII сессиясының төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы |
Қ. Исмагулов |