Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 47-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қыркүйекте № 3613 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 21-VІIІ шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 05.05.2023 № 21-VІIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10030 тіркелді) сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 шілдедегі № 35-VI "Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімі жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Б. Аманғалиев) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы,
кезектен тыс V сессиясының төрағасы
Қ. Исмагулов

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 26 тамыздағы № 47-VІ шешіміне қосымша

Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 17.07.2019 № 298-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілері

Есептік бірлік

Жылына 1 есептік бірлікке келетін м3 коммуналдық қалдықтарының жинақталу нормалары

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,2

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,7

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,93

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

1,5

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

3,0

6

Емханалар

1 келіп кету

3,0

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

3,9

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,5

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

2,3

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,2

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1м2

0,2

12

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1м2

0,8

13

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

Сауда алаңы 1м2

0,8

14

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1м2

3,9

15

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1м2

1,5

16

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі:
халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы
1 м2

3,9

17

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы
1 м2

0,5

18

Дәріханалар

Сауда алаңы 1м2

0,25

19

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

4,04

20

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,3

21

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,36

22

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы
1 м2

0,25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады