Мақат аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 21-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 18 мамырда № 5015-06 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мақат аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Шангалаев

  Мақат аудандық мәслихатының
2023 жылғы 5 мамырдағы
№ 21-VIII шешіміне қосымша

Мақат аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1) Мақат аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 47-VI "Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3613 болып тіркелген);

      2) Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 17 шілдедегі № 298-VI "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 26 тамыздағы № 47-VI "Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4477 болып тіркелген);

      3) Мақат аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 48-VI "Мақат ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтардыт жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өндеу және көму тарифтерін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3619 болып тіркелген);

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады