"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Құрманғазы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектемировке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Шаяхметов |
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "26" ақпандағы № 40 қаулысына қосымша |
Құрманғазы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1-тарау. Көтермелеудің түрлері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйақы беру.
2-тарау. Көтермелеудің тәртібі
2. Осы тәртіп Құрманғазы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.
Ескерту. 2-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 30.05.2019 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Құрманғазы ауданы әкімінің шешімімен құрылған комиссия (бұдан әрi – комиссия) қарайды.
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Құрманғазы ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.
Ескерту. 4-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 30.05.2019 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Комиссиямен қабылдаған хаттамалық шешім, көтермелеу үшін негіз болып табылады.
6. Ақшалай сыйақыны төлеу "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті" мемлекеттік мекемесімен облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.
7. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Құрманғазы ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығырылады.
8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу шаралары "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Құрманғазы ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесімен салтанатты жиында жүзеге асырылады.
3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері
9. Ақшалай сыйақының мөлшерi көтермеленетін азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар олармен немесе олардың қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып комиссиямен белгіленеді және 10 еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.