"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Құрманғазы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 ақпандағы № 40 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4345 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
орыс тілдегі мәтініндегі 2 және 4 тармақтары келесі редакцияда мазмұндалсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді:
"2. Настоящий порядок регулирует вопросы организации поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Курмангазинском районе";
"4. Представление о поощрении граждан, принимающих активное участие в обеспечении общественного порядка, вносится на рассмотрение комиссии государственным учреждением "Отдел полиции Курмангазинского района Департамента полиции Атырауской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары У. Тажибаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Нуртаев |