Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 26.05.2022 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы Заңына, "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген), "Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13326 тіркелген) сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Құрманғазы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (К айм) бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектемировке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 16.08.2019 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Аудан әкімі | К. Нуртаев |
Аудан әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 164 қаулысына қосымша |
Құрманғазы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
р/с | Ауылдық округтің атауы | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймақ коэффициенті |
1 | Сүйіндік ауылдық округі | Сүйіндік ауылы | 1,9 |
2 | Асан ауылдық округі | Асан ауылы | 1,9 |
3 | Азғыр ауылдық округі | Балқұдық ауылы | 1,9 |
4 | Еңбекші ауылдық округі | Жұмекен ауылы | 2,0 |
5 | Дыңғызыл ауылдық округі | Жыланды ауылы | 2,0 |
6 | Көптоғай ауылдық округі | Көптоғай ауылы | 2,0 |
7 | Байда ауылдық округі | Котяев ауылы | 2,0 |
8 | Кудряшов ауылдық округі | Кудряшов ауылы | 2,0 |
9 | Сафон ауылдық округі | Сафон ауылы | 2,0 |
10 | Бірлік ауылдық округі | Бірлік ауылы | 2,0 |
11 | Нұржау ауылдық округі | Нұржау ауылы | 2,0 |
12 | Теңіз ауылдық округі | Теңіз ауылы | 2,0 |
13 | Құрманғазы ауылдық округі | Құрманғазы ауылы | 2,0 |
14 | Жаңаталап ауылдық округі | Хиуаз ауылы | 2,0 |
15 | Шортанбай ауылдық округі | Шортанбай ауылы | 2,0 |
16 | Ақкөл ауылдық округі | Ақкөл ауылы | 2,0 |
17 | Қиғаш ауылдық округі | Қиғаш ауылы | 2,0 |
18 | Орлы ауылдық округі | Орлы ауылы | 2,0 |
19 | Мақаш ауылдық округі | Алға ауылы | 2,0 |