Аудан әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 164 "Құрманғазы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 210 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28300 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      2019 жылғы 2 мамырдағы № 164 "Құрманғазы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4396 болып тіркелген);

      2019 жылғы 16 тамыздағы № 253 "Құрманғазы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы" Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 164 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4483 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысы Құрманғазы
ауданның әкімі
М. Мурзиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады