"Құрманғазы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы" Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 164 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 253 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 тамызда № 4483 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 26.05.2022 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Құрманғазы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы" Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 164 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4396 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады."

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Ж. Бектемиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады