Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 22.12.2022 № 213-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 436-V "Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3321 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" газетінде 2015 жылғы 5 қарашада жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"
9 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,09 |
";
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"
12 | Мейрамханалар, дәмханалар | 1 отыратын орын | 32,78 |
";
реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"
13 | Концерт залдары | 1 отыратын орын | 0,13 |
";
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"
15 | Қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,77 |
";
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"
16 | Спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,02 |
";
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р. Сұлтанияев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХLVIII сессия төрағасының міндетін атқарушы, аудандық мәслихат хатшысы |
Б. Жүгінісов |