Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 13.05.2020 № 180 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6 тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес берілсін.
2. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 182 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3081 тіркелген, 2015 жылғы 21 наурызда "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Арыс қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Т. Анашбековке жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | М. Қадырбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Арыс қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
______________ С. Маханов
02мамыр 2019 жыл
Арыс қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 116 қаулысына 1-қосымша |
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі
№ | Кездесуге арналған үй-жайлардың орналасқан жері |
1 | 2 |
Арыс қаласы бойынша | |
1 | Привокзальная көшесі, № 4 А, "Теміржолсу-Арыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәжіліс залы |
Ақдала ауылдық округі бойынша | |
2 | Ақдала ауылы, М.Мақатаев көшесі, нөмірсіз, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы |
Байырқұм ауылдық округі бойынша | |
3 | Байырқұм ауылы, Ш.Жұмабеков көшесі, нөмірсіз, Арыс қаласы әкімдігінің "Арыс қалалық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның Байырқұм ауылдық мәдениет үйінің мәжіліс залы |
Дермене ауылдық округі бойынша | |
4 | Дермене ауылы, Өркенді көшесі, № 3, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Тәшенов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы |
Жиделі ауылдық округі бойынша | |
5 | Жиделі ауылы, Амангелді көшесі, № 8, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жиделі жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы |
Қожатоғай ауылдық округі бойынша | |
6 | Қожатоғай ауылы, Майлықожа көшесі, № 13, Арыс қаласы әкімдігінің "Арыс қалалық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның Қожатоғай ауылдық мәдениет үйінің мәжіліс залы |
Монтайтас ауылдық округі бойынша | |
7 | Монтайтас ауылы, Б.Онтаев көшесі, № 9, Арыс қаласы әкімдігінің "Арыс қалалық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның Монтайтас ауылдық мәдениет үйінің мәжіліс залы |
Арыс қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 116 қаулысына 2-қосымша |
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі
№ | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары |
Арыс қаласы бойынша | |
1 | Арыс қаласы, Әл-Фараби және Ергөбек көшелерінің қиылысында орналасқан стенд |
2 | Арыс қаласы, Төле би және Майлы қожа көшелерінің қиылысында орналасқан стенд |
3 | Арыс қаласы, Ергөбек көшесі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша Арыс қалалық бөлімі алдында орналасқан стенд |
Ақдала ауылдық округі бойынша | |
4 | Ақдала ауылы, Амангелді көшесі мен Арыс-Дермене тасжолының қиылысында орналасқан стенд |
Байырқұм ауылдық округі бойынша | |
5 | Байырқұм ауылы, Ш.Жұмабеков көшесіндегі аялдама жанында орналасқан стенд |
Дермене ауылдық округі бойынша | |
6 | Дермене ауылы, ауылға кіре берісіндегі аялдама жанында орналасқан стенд |
Жиделі ауылдық округі бойынша | |
7 | Жиделі ауылы, Орталық көшесінде орналасқан стенд |
Қожатоғай ауылдық округі бойынша | |
8 | Қожатоғай ауылы, Б.Шүкірбеков және С.Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан стенд |
Монтайтас ауылдық округі бойынша | |
9 | Монтайтас ауылы, Б.Онтаев және А.Құнанбаев көшелерінің қиылысында орналасқан стенд |