Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 13 мамырдағы № 180 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 13 мамырда № 5613 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6 тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.

      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісімі бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      3. Арыс қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 116 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 3 мамырда № 5024 тіркелген және 2019 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Т.Анашбековке жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арыс қаласының әкімі М. Қадырбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Арыс қалалық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ______________ С. Маханов

      ___ сәуір 2020 жыл

  Арыс қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 13 мамырдағы
№ 180 қаулысына
1-қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Елді мекеннің атауы

Кездесу өтетін орын

1.

Арыс қаласы

Привокзальная көшесі, № 4А, "Теміржолсу-Арыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәжіліс залы

2.

Ақдала ауылы

М.Мақатаев көшесі, нөмірсіз, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

3.

Байырқұм ауылы

Ш.Жұмабеков көшесі, нөмірсіз, Арыс қаласы әкімдігінің "Арыс қалалық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның Байырқұм ауылдық мәдениет үйінің мәжіліс залы

4.

Дермене ауылы

Өркенді көшесі, № 3, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Тәшенов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

5.

Жиделі ауылы

Амангелді көшесі, № 8, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жиделі жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

6.

Қожатоғай ауылы

Майлықожа көшесі, № 13, Арыс қаласы әкімдігінің "Арыс қалалық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның Қожатоғай ауылдық мәдениет үйінің мәжіліс залы.

7.

Монтайтас ауылы

Б.Онтаев көшесі, № 9, Арыс қаласы әкімдігінің "Арыс қалалық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның Монтайтас ауылдық мәдениет үйінің мәжіліс залы.

 
  Арыс қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 13 мамырдағы
№ 180 қаулысына
2-қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Стендтер саны

1.

Арыс қаласы

Әл-Фараби және Ергөбек көшелерінің қиылысы

3

Төле би және Майлы қожа көшелерінің қиылысы

Ергөбек көшесі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы Арыс қаласы бөлімшесі алдында

2.

Ақдала ауылы

Амангелді көшесі мен Арыс-Дермене тасжолының қиылысы

1

3.

Байырқұм ауылы

Ш.Жұмабеков көшесіндегі аялдама жанында орналасқан

1

4.

Дермене ауылы

Ш.Уалиханов көшесіндегі аялдама жанында орналасқан

1

5.

Жиделі ауылы

Орталық және Амангелді көшелерінің қиылысы

1

6.

Қожатоғай ауылы

Б.Шүкірбеков және С.Сейфуллин көшелерінің қиылысы

1

7.

Монтайтас ауылы

Б.Онтаев және А.Құнанбаев көшелерінің қиылысы

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады