Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 24.11.2021 № 396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен белгіленген мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшерінде:
реттік нөмірі 4-жолда "Жұмыс орындарының саны (адам)" деген бағандағы "3" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 11-жолда "Жұмыс орындарының саны (адам)" деген бағандағы "3" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 12-жолда "Жұмыс орындарының саны (адам)" деген бағандағы "3" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 13-жолда "Жұмыс орындарының саны (адам)" деген бағандағы "1" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын.
2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан акімі | М. Отаршиев |