"Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 2 қазандағы № 364 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 2 қазанда № 5191 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 24 қарашадағы № 396 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 24.11.2021 № 396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен белгіленген мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшерінде:

      реттік нөмірі 4-жолда "Жұмыс орындарының саны (адам)" деген бағандағы "3" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 11-жолда "Жұмыс орындарының саны (адам)" деген бағандағы "3" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 12-жолда "Жұмыс орындарының саны (адам)" деген бағандағы "3" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 13-жолда "Жұмыс орындарының саны (адам)" деген бағандағы "1" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын.

      2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан акімі М. Отаршиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады