ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 550 бұйрығы "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 859 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізіміндегі № 133678 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 89 "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5618 болып тіркелген, "Дидар" газетінде 2018 жылғы 17 мамырдағы № 58, "Рудный Алтай" газетінде 2018 жылғы 17 мамырдағы № 58, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 25 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Д. Ахметов |