"Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 859 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 қаңтарда № 16265 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 244 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице - министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "____"________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ____________ С. Жұманғарин

      2018 жылғы 3 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 859 бұйрығымен
бекітілген

"Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-бөлім. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 10 (он) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқcат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті беруші отырысының хаттамасынан үзінді не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтініш-сауалнама;

      2) іске асырылатын жобаның (жобаның құрылысына рұқсат беру құжаттамасын, бизнес-жоспарды қоса бере отырып, еркін нысанда қалыптастырылады) сипаттамасы;

      3) жобаны іске асыру үшін кредит беру (қайта қаржыландыру) мүмкіндігі туралы оң шешімі бар ЕДБ - ның хаты;

      4) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы;

      5) объекті бойынша ақпарат (таныстыру, жарнамалық материалдар, пәтерлердің жобалары, пәтерлердің саны мен алаңдары), оның ішінде электрондық түрде;

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      10. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атынан келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не болмаса көрсетілетін қызметті берушінің кеңесіне қолма қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары www.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414.

  Тұрғын үй құрылысы
мақсаттары үшін жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне
екінші деңгейдегі банктер
беретін кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау стандартына
қосымша
  Нысан

      Қайда: __________________________________________________________________________

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамға

      кімнен ________________________________

Субсидия алуға арналған № ____ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА

      "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес Сізден жобаны

      іске асыру бойынша кредитті субсидиялау туралы мәселені _____________________ қарауына

      төменде көрсетілгендерге сәйкес шығаруға бастамашылық етуіңізді сұраймын:

1. Қатысушы туралы мәліметтер

ЖКС атауы


Құрылтайшы (лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу күні, нөмірі


Қызмет түрі


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе бас компания


Жұмыс тәжірибесі


2. Басшылық

      Бірінші басшы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Лауазымы


Жұмыс/үй телефоны


Туған жылы және жері


Жеке басын куәландыратын құжаттың №


Тұрғылықты (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Бас бухгалтер (бар болған жағдайда)

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жұмыс/үй телефоны


Туған жылы және жері


Жеке басын куәландыратын құжаттың №


Тұрғылықты (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Байланыс жасаушы тұлға

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы


Жұмыс/үй телефоны


3. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін - акциялардың 1 % және одан көп пайызына иелік ететін ортақ құрылтайшылар)

Атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

%

Деректемелері




4. Ағымдағы қызметі туралы ақпарат

Сала (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiге сәйкес)


Кіші сала (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiге сәйкес)


Өнімдер мен қызметтердің түрлері


Жылдық айналым


Соңғы есептік күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны


Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)


Жобаны іске асыру орны (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


5. Банктік есепшоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелері (барлық қызмет көрсетілетін банктердегі барлық ағымдағы және

      жинақ шоттарын көрсету):________________________________________

6. Тарихы

      ЖКС-ның жұмыс процесінде пайдаланылған барлық қарыздар, өтелген, сол сияқты қазіргі уақытта өтелмеген қарыздар да көрсетіледі.

Кредитор

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі қарызды өтеу шарттары

Банктік қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу күні

1







2







7. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат

  Күні және валюта бағамы: __/__

Р/с

Кредитор атауы

Банктік қарыз шартының деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Кредит валютасы

Кредит сомасы

Негізгі борыш бойынша берешек тің қалдығы, көрсетілген күнгі

Кредит мерзімінің аяқталу күні

Кредит мақсаты (қысқаша сипаттама)



















8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және ЖКС-ге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

Р/с

МБ /МҚШ атауы

МДИ атауы

Қосымша ақпарат





9. Кепілдіктер және келісімдер

      ЖКС қаржы агентіне мыналарды мәлімдейді және мынадай кепілдіктер береді:

      1. Осы өтінішпен бірге не қаржы агентінің сұрау салуы бойынша қаржы агентіне тапсырылған (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама анық болып табылады және төменде көрсетілген күндегі шындыққа толығымен сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгертілген жағдайда, қаржы агентін дереу хабардар етуге.

      2. Осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпаратты қаржы агентінің алғашқы талап етуі бойынша беруге және ашуға.

      3. ЖКС-ға жалған, толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілігі туралы ескертілген.

      4. ЖКС-ның жарғылық құзыреті берілген өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретіндігін ЖКС растайды.

      5. Көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталатын кез келген кезеңде осы өтініштің қабылданбайтындығымен келісемін.

      ЖКС қаржы агентіне төмендегілер бойынша өз келісімін береді:

      1. Қаржы агенті осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мемлекеттік органдарға (қаржы агентіне) ұсынады.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенті талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылған.

      3. Қаржы агенті ЖКС хабарлаған өзі туралы кез келген ақпаратты тексеру мүмкіндігін өзіне қалдырады, ал ЖКС ұсынған құжаттар мен өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмесе де, қаржы агентінде сақталатын болады.

      4. Қаржы агентінің осы өтінішті қарау үшін қабылдауы, сондай-ақ ЖКС-ның ықтимал шығыстары (субсидиялауды алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу шығыстары және басқа да шығыстар) қаржы агентінің субсидиялауды беру немесе ЖКС көтерген шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейін қаржы агентіне наразылық білдірмеймін.

10. Қосымшалар

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)_______________________

      (қолы) күні

Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЖКС

Жеке кәсіпкерлік субъектісі

МДИ

Мемлекеттік даму институттары

МБ

Мемлекеттік бағдарлама

МҚШ

Мемлекеттік қолдау шаралары

БҚШ

Банктік қарыз шарты



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады