Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 02.09.2022 № 27/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Өскемен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/7-VI "Өскемен қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5434 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Бахыт |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | А. Светаш |
Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 43/5-VI шешіміне қосымша |
Өскемен қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер
р/с № | Атауы | Есептік бірлік | Қызметтердің құны, теңге |
1. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тариф | ||
1.1. | Жайлы үйлер | тұрғын/айына | 211 |
1.2. | Жайлы емес үйлер | тұрғын/айына | 270 |
1.3. | Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері | 1 м3 | 1 578 |
2. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф | ||
2.1. | Жеке тұлғалар үшін | 1 м3 | 147 |
2.2. | Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін | 1 м3 | 223 |
3. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған тариф | 1 м3 | 0 |
4. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге арналған тариф | 1 м3 | 1493 |