Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 28.11.2019 № 4769 қаулысымен (01.01.2020 жүзеге енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өскемен қаласында және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтарда салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 21 маусымдағы № 2766 Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-192 тіркелген, 2018 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісінде электрондық түрде, 2018 жылғы 19 шілдеде "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесіндегі "Аймаққа бөлу коэффицентін есептеу Әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 55 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13285 болып тіркелген)" сөздері "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу Әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығына сәйкес" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 болып тіркелген)" сөздерімен ауыстырылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) аймақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының заң шығару және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
4) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Литвиноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.