Өскемен қаласында және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтарда салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 2766 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2018 жылғы 10 шілдеде № 5-1-192 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № 4769 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 28.11.2019 № 4769 қаулысымен (01.01.2020 жүзеге енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 529-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу Әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығына сәйкес" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 болып тіркелген), Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 15.05.2019 № 2005 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      1. Осы қаулының қосымшасына сай Өскемен қаласында және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтарда салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймақтарға бөлу коэффициенттері бекітілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) аймақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

      4) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Литвиноваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы қолданысқа 2019 жылдың 1 қаңтарынан жүзеге енгізіледі.

      Өскемен қаласы әкімінің
міндеттерін атқарушы
О. Булавкина

 

      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігі мемлекеттік кірістер Комитеті
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша
      мемлекеттік кірістер Департаментінің
      Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік
      кірістер басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      "____"__________2018 жыл

      _____________________ Қ. Қойшинов
     

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "21" маусымдағы
№ 2766 қаулысына
қосымша

Өскемен қаласында және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтарда салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймақтарға бөлу коэффициенттері


№ р/с

Аумақтық учаскесі

Пәтерлердің салық салынатын құнын есептеу үшін аймаққа бөлу коэффициенті

Жеке үйлерге салық салынатын құнын есептеу үшін аймаққа бөлу коэффициенті

Саяжайлардың салық салынатын құнын есептеу үшін аймаққа бөлу коэффициенті

Гараждардың салық салынатын құнын есептеу үшін аймаққа бөлу коэффициенті

1

N 1 бағалау аймағының N 1 учаскесі: Прохладный массивінен оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан саяжай-ларды қоспағанда, әуежайдан оңтүстікке қарай орналасқан саяжай массиві.

0,85
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
0,85
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
0,75
 
 

0,75
 

2

N 1 бағалау аймағының N 2 учаскесі: Үлбі өзенінің жағалауынан Охотская көшесіне дейінгі Ескі Согра массивінің аумағы. Учаскенің шекарасы Охотская көшесінен Вешний тұйық көшесі бойымен солтүстікке қарай Дружинниктер көшесімен қиылысқа дейін, содан кейін Целиноградская көшесімен қиылысқа дейін, Согринская көшесіне дейін өтеді. Әрі қарай Согринская көшесі бойымен Новый подхоз және Старый подхоз тұрғын массивтеріне дейін олардың аумақтарын қосып өтеді.
      Осы учаскенің құрамына Жаңа Гавань тұрғын массивінің және онымен қатар орналасқан саяжай массивінің, сондай-ақ 10-ұн тарту зауыты тұрғын массивінің ауданы.

1,15

1,15

0,75

0,75

3

N 2 бағалау аймағының N 1 учаскесі: Комендантский түбегінің аумағы.

0,80

0,8

0,7

0,7

4

N 2 бағалау аймағының N 2 учаскесі: солтүстігінде өнеркәсіп торабымен шектесетін мынадай шекаралардағы қала аумағы: Бажов көшесінен өнеркәсіп кәсіпорны аумағының шекарасы бойымен Тәуелсіздік (Независимость) даңғылына дейін, одан кейін Белинский көшесінің қиылысына дейін, Михаэлис көшесінің қиылысына дейін даңғыл бойымен, әрі қарай Алматинская көшесіне дейін. Сосын солтүстік-шығысқа қарай Ворошилов көшесіне дейін, Ворошилов көшесі бойымен, Красин көшесінің қиылысына дейін, Саратов тұйық көшесіне дейін,көп қабатты тұрғын-үй құрылысын қоспағанда Роза Люксембург көшесі және Тихая көшелеріне дейін. Әрі қарай шекара Үлбі өзенінің сол жағалауы бойымен Абай даңғылына дейін, одан әрі оңтүстікке қарай Тракторная көшесінің қиылысына дейін және соның бойымен өнеркәсіп торабына дейін өтеді.

1,50

1,35

0,75

0,85

5

N 2 бағалау аймағының N 3 учаскесі: Прохладный массивінің аумағы, сондай-ақ жеке сектор ауданы. Бағалау аймағының шекарасы 2-Паровозный тұйық көшесі бойымен Деповская көшесіне дейін, содан кейін 1-Паровозная тұйық көшесімен қиылысқа дейін, Элеваторная көшесіне дейін, соның бойымен Грейдерная көшесі мен Вытяжной тұйық көшесіне дейін, әрі қарай Нефтяная көшесі бойымен Западная көшесіне және Тәуелсіздік (Независимость) даңғылына дейін өтеді. Тәуелсіздік (Независимость) даңғылы бойымен Мостовая көшесіне дейін, Сафонов көшесі бойымен Гурьевская көшесіне дейін, одан әрі Целинный тұйық көшесі бойымен Пограничная көшесіне дейін және Ертіс өзенінің бойымен өтеді. Әрі қарай бағалау аймағының шекарасы Ертіс өзенінің оң жағалауы бойымен әуежайдан оңтүстікке қарай орналасқан саяжай массивіне және Прохладный ауданына дейін өтеді.

1,40

1,3

0,75

0,85

6

N 2 бағалау аймағының N 4 учаскесі: Защита тұрғын ауданының аумағы және оңтүстік-шығыс жағынан өнеркәсіп торабының аумағы.

1,25

1,3

0,75

0,75

7

N 3 бағалау аймағының N 1 учаскесі: Жаңа Согра тұрғын ауданының аумағы Охотская (Согринская) көшесенің Вешний тұйық көшесіне дейінгі, Егоров көшесіне дейінгі, Менделеев көшесіне дейінгі шекараларда, көп қабатты құрылысты қоса ала отырып.

1,50

1,05

0,75

0,75

8

N 3 бағалау аймағының N 2 учаскесі: Мирный кентінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан саяжай массивінің аумағы.

0,80

1

0,75

0,7

9

N 3 бағалау аймағының N 3 учаскесі: Мирный кентінен оңтүстік-батысқа қарай орналасқан саяжай массивінің аумағы.

0,80

1

0,75

0,7

10

N 3 бағалау аймағының N 4 учаскесі: Ертіс өзенінің оң жағалауындағы Аблакетка тұрғын массивінен оңтүстікке қарай орналасқан саяжай массивінің аумағы және Конденсаторный зауытының аумағы

1,00

0,8

0,75

0,7

11

N 3 бағалау аймағының N 5 учаскесі: Әуежай және Кірпіш зауыты маңындағы тұрғын массивтердің аумақтары.

1,10

1,05

0,75

0,85

12

N 4 бағалау аймағының N 1 учаскесі: Мирный тұрғын массивінің аумағы және "ВостокМашзавод" АО аумағы. Учаскенің шекарасы Тәуелсіздік (Независимость) даңғылы бойымен Гагарин желек жолымен қиылысқа дейін, Металлург саябағы бойымен, оның аумағын қоспай, Виноградов көшесіне дейін, одан ары соның бойымен Белинский көшесімен қиылысқа дейін, әрі қарай Михаэлис көшесі бойымен Алматинская көшесіне дейін, 30-Гвардиялық дивизия көшесіне дейін, Карбышев көшесіне дейін, содан кейін Ертіс өзенінің оң жағалауы бойымен Актюбинская көшесіне, саяжай массивінің бойымен Дружба көшесіне дейін, Целинная көшесіне дейін, жеке сектор бойымен Сафонов көшесіне дейін және Лопатинский тұйық көшесі бойымен Тәуелсіздік (Независимость) даңғылына дейін.

1,50

1,2

0,75

0,85

13

N 4 бағалау аймағының N 2 учаскесі: Красин атындағы кенттің аумағы, гараж кооперативтері және басқа объектілер.

1,25

1,1

0,75

0,75

14

N 4 бағалау аймағының N 3 учаскесі: Аблакетка тұрғын массивінің солтүстік-шығыс бөлігінің жеке тұрғын үй құрылысы аумағы Северная көшесінің шегінде, сондай-ақ Лесхоз маңындағы саяжай массивтері.

1,00

0,9

0,75

0,75

15

N 5 бағалау аймағының N 1 учаскесі: Ертіс өзенінің сол жағалауының аумағы Иртышская өзенінің шекарасында Қаныш Сәтпаев атындағы даңғылмен қиылысқа дейін, 14-тұрғын ауданға дейін (ЖМК маңы), Металлург кенті шекарасының бойымен Прииртышская көшесіне дейін, әрі қарай Ертіс өзенінің сол жағалауы бойы.

1,35

1,35

0,7

0,75

16

N 5 бағалау аймағының N 2 учаскесі: қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі өнеркәсіп кәсіпорынының және Согринская, Егоров көшелерінің шекараларындағы саяжай массивінің аумағы, соның бойымен Менделеев көшесіне және Вешний тұйық көшесіне дейінгі аумағы.

1,50

0,85

0,75

0,75

17

N 5 бағалау аймағының N 3 учаскесі: Мыза көшесінен Үлбі өзенінің жағалауына дейінгі шекарада Шмелев лог тұрғын массивінің аумағы.

1,00

1,1

0,7

0,75

18

N 5 бағалау аймағының N 4 учаскесі: Теміржолдан оңтүстікке қарай орналасқан өнеркәсіп объектілерінің Деповская көшесінен 1-Паровозный тұйық көшесіне, Нефтяная көшесіне дейінгі шекараларда барлық объектілерімен теміржол тармағын қосқандағы аумағы

0,85

1,1

0,7

0,7

19

N 5 бағалау аймағының N 5 учаскесі: Ертіс өзенінің оң жағалауынан Лесозавод массивінен шығысқа қарай орналасқан саяжай массивіне дейінгі Лесозавод тұрғын массивінің аумағы.

 
 
 
 
 
0,85

 
 
 
 
 
1,2

 
 
 
 
 
0,7

 
 
 
 
 
0,7

20

N 6 бағалау аймағының N 1 учаскесі: Арматура зауытының маңындағы өндірістік объектілердің аумағы, тұндырғыштар аумақтары, Загородний кенті және Ескі Согра массивінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан саяжай массиві.

1,35

1,15

0,75

0,75

21

N 6 бағалау аймағының N 2 учаскесі: 14-тұрғын ауданы (ЖМК маңы), 23-тұрғын ауданы, саяжай массивтері.

1,15

1,05

0,7

0,7

22

N 6 бағалау аймағының N 3 учаскесі: Северная көшесінен, саяжай массивінен Ертіс өзенінің оң жағалауына дейінгі шекарадағы Аблакетка массивінің аумағы.

0,95

1

0,75

0,75

23

N 7 бағалау аймағының N 1 учаскесі: Металлург кенті және Үлбі кентінің Ертіс өзенінің сол жағалауына дейін аумақтар. Аталған учаскеге саяжай массиві кірмейді.

1,25

1,25

0,7

0,75

24

N 7 бағалау аймағының N 2 учаскесі: Солтүстік өнеркәсіп торабының аумағы.

0,80

0,95

0,7

0,7

25

N 8 бағалау аймағының N 1 учаскесі: Е.П. Славский атындағы жағалаудың шекарасындағы Стрелка шағынауданы, Александр Протозанов есіміндегі көшеге дейін, Мыза көшесіне дейін қаланың орталық бөлігінің аумағы. Әрі қарай Новаторлар көшесі бойымен Қабанбай батыр есіміндегі көше бойымен Ертіс өзенінің оң жағалауы бойымен Е.П. Славский атындағы жағалауға дейін.

2,00

1,45

1,1

1,25

26

N 8 бағалау аймағының N 2 учаскесі: Спорт сарайының маңындағы қаланың орталық бөлігі. Абай даңғылынан Космическая көшесіне дейінгі аумақ, Ворошилов көшесінен Красин көшесіне дейін,  Үлбі өзенінің сол жағалауына дейін. Әрі қарай учаскенің шекарасы жағалау бойымен Солнечная көшесіне дейін, Студенттер қалашығының аумағын қоса өтеді.

2,00

1,5

1,1

1,15

27

Меновное а.

1,40

1,35

0,85

0,75

28

Жаңа –Троицкое а.

1,05

1,15

0,8

0,8

29

Жаңа –Явленка а.

0,90

1,25

0,9

0,8

30

Жаңа –Ахмер а.

1,40

0,9

0,75

0,75

31

Ахмер а.

0,80

1,1

0,85

0,7

32

Самсоновка а.

0,90

1,2

0,95

0,8

33

Прудхоз а.

0,80

1,05

0,7

0,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады