РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 9-тарамағына және 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Өскемен қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) аумақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының заң шығару және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді;
3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
4) осы қаулыны ресми түрде жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Литвиноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының | |
әкімі | Ж. Омар |
Өскемен қаласы әкімдігінің _____жылғы "__"_______ № ___ қаулысына қосымша |
Өскемен қаласы әкімдігініңкүші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 1371 "Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4974 тіркелген, 2017 жылғы 29 сәуірде "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде, 2017 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 3228"Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 1371 "Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5169 тіркелген, 2017 жылғы 29 тамызда "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде, 2017 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 1865 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 1371 "Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы туралы" қаулысына өзгертулер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5636 тіркелген, 2018 жылғы 19 мамырда "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде, 2018 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).