Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 03.06.2019 № 2385 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тапсырыс берушілер үшін "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.
1-1. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұйымдастыратын және өткізетін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі осы қаулыға қосымшаға сай анықталсын.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 07.08.2017 № 3228 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының | |
әкімі | Е. Аймұқашев |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы " 07 " 08 № 3228 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұйымдастыратын және өткізетін жұмыстар тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакциада - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 02.05.2018 № 1865 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
р/р | Жұмыстардың атауы |
1. | Бюджеттік қаражат есебінен іске асырылатын жаңа объектерді құру (құрылысы) немесе қолданыстағы объектерді реконструкциялау және күрделі жөндеу, ол жерде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері болады (бюджет заңнамасымен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда). |
2. | Іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар аясында сатып алынатын жаңа объектерді құру (құрылысы) немесе қолданыстағы объектерді реконструкциялау және күрделі жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда). |
3. | Қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа, ағымдағы жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда). |
4. | Су құбырлары және жылу желілерінің, канализациялардың жөндеу жұмыстары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда). |
5. | Абаттандыру (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда). |
Ескерту: айлық есептік көрсеткіштің аталған мөлшері ҚҚС-пен бірге есепке алынады