Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 07.02.2023 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағы негізінде, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Абай облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 07.02.2023 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Алып тасталды - Абай облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 07.02.2023 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орынын белгілеу мен кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 374 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестірінде 2016 жылы 4 наурызда № 4420 болып тіркелген, "Мой край" газетінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі Қазақстан Республикасы заңнамасындағы белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бықылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде аталған қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізінде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдау;
4) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау Курчатов қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Н. Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі | А. Глазинский |
Курчатов қаласы әкімдігінің 2023 жылғы "7" ақпандағы № 214 қаулысына 1 қосымша |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - - Абай облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 27.12.2023 № 84 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ р/с | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары | Мекен-жайы |
1. | "Абай облысы Курчатов қаласының қалалық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы алаңы | Тәуелсіздік көшесі, 2 |
2. | Қалалық телекоммуникация торабы ғимаратының жанындағы алаңы | Абай көшесі, 13 |
3. | "№2 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы алаңы | Тәуелсіздік көшесі, 10 |
4. | "№3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы алаңы | Олимпийская көшесі, 3 |
5. | "№4 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы алаңы | Абай көшесі , 50 |
6. | "Курчатов қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы алаңы | Тәуелсіздік көшесі, 12 |
7. | "Журавушка" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратының жанындағы алаңы | Олимпийская көшесі, 30 |
8. | "Жайлаубай" базар ғимаратының жанындағы алаңы | Абай көшесі, 29 |
9. | Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Курчатов қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанындағы алаңы | Курчатова көшесі, 9 |
10. | Автобус аялдамасының жанында, Олимпия көшесі, 20 тұрғын үйге қарама-қарсы | Олимпийская көшесі, 20 |
11. | "ҚТЖ-жүк тасымалдау" - "ЖТ Семей бөлімшесі" АҚ бөлімшесінің әкімшілік ғимаратының жанында | Железнодорожная көшесі, 1 |
12. | Автобус аялдамасының қасында, Көктем көшесі, 2 тұрғын үйге қарама-қарсы | Көктем көшесі, 2 |
Курчатов қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "30" мамырдағы № 32 қаулысына 2 қосымша |
Курчатов қаласы бойынша сайлаушылармен кездесу үшін келісім шарт негізінде үміткерлерге берілетін үй-жайлар
Ескерту. 2 қосымша алып тасталды - Абай облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 07.02.2023 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).